23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шілдеде дәрілік заттарды таңбалаудың басталуымен фармацевтикалық препараттардың бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Астана» телеарнасының мәліметінше, фармацевтикалық бизнес нысандарының иелері бағаны кем дегенде 5% көтеруге мәжбүр. Себебі, олар қымбат құрал-жабдықтарды сатып алып, жаңа мамандарды тартады.
Өңірлер арасында фармацевтикалық өнімдер бағасының өсімі бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мұнда дәрі-дәрмек 18,4 %-ға қымбаттаған. Одан кейінгі орында Астана мен Шымкент қалалары тұр. Ал ең төмен баға Маңғыстау облысында тіркелген.
Үкімет дәрілік заттарға таңбалауды енгізу елдегі контрафактілік өнімдер мен дәрі-дәрмектің заңсыз сатылу көлемін азайту үшін қажет дейді. Дегенмен Қазақстандық тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы мұнымен мәселе шешілмейтініне сенімді. Онымен кеденде айналысу керек дейді мамандар.
Қазақстан тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаровтың сөзінше, Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір қымбат.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік