23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі 207 өндірушіні қамтитынын, оның 43-і дәрілік заттарды өндірушілер екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылы отандық фармацевтикалық өнім өндіру көлемі 124 млрд теңгеге дейін ұлғайды, өсім 18%-ды құрады.
2024 жылы ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша фармацевтикалық өнімнің 702 түрі сатып алынды. 2025 жылы өндіріс көлемін 1 728 дейін ұлғайту жоспарлануда, — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Министр импортты алмастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде 2025 жылдан бастап қолданыстағы отандық тауар өндірушілерді қолдай отырып шығарылатын отандық препараттардың тізбесі кеңейтілетінін айтты. Жаһандық халықаралық фармацевтикалық компаниялармен ынтымақтастық жандандырылады, сондай-ақ офтейк келісімшарттарды енгізе отырып, ұзақ мерзімді шарттар жасасу талаптары қайта қаралатын болады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік