Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов дәрі-дәрмек бағасына қатысты арнайы тексеріс жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс клуарында журналистер депутаттан дәрі-дәрмек бағасы күн санап шарықтап бара жатқанын айтып, сұрақ қойды.
Біріншіден, біз бір жыл бойы министрлікпен өте тығыз жұмыс жүргіздік. Министрліктің дәрілердің шекті бағасын бекіту туралы бұйрығы бар. Сол бұйрықты зерттеп қарасаңыздар, бұйрықта қаншама қажет емес, қосымша дәріханаларға 30-40 пайыз кіріс алатындай мүмкіндіктер қарастырылған. Жоғары аудиторлық палата оны тексеріп, біздің есептің дұрыс екенін айтты. Сондықтан министрлікпен бірге жүргізген жұмыстың арқасында маркетингтік қызмет пен үстінен қосатын басқа да пайыздарды алып тастап, дәрі бағасын кем дегенде 20 пайызға түсіруге мүмкіндік бар. Бұл бұйрық Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін баға айтарлықтай азаюы тиіс деп күтіп отырмыз. Қазір қосымша құн салығы жоқ болған күннің өзінде осындай баға тұр. Салық кодексінде қосымша құн салығын кіргізейік деген редакциялық норма жатыр, соған қатысты түзету енгіздік, - дейді депутат.
Айта кетейік, «Үкімет сағаты» отырысында депутат Асхат Аймағамбетов МӘМС жүйесіне өзгеріс енгізуді ұсынды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары