Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБылтырғы қаңтар айымен салыстырғанда дәрі-дәрмек өндірісі 61,3%, басқа да фармацевтикалық препараттар өндірісі 22,9% артқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі energyprom.kz порталына сілтеме жасап.
2022 жылы дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі 142 млрд теңгені құраған. Бұл 2021 жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 4,5%-ға аз. Басқа да фармацевтикалық препараттар өндірісі 2,4 есеге 17,9 млрд теңгеге дейін азайған.
2023 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімнің бағасы бір айда 1,2%-ға өскен.
Жылдық динамикада фармацевтикалық өнімдер 13,6% қымбаттады. Бұл 2017 жылдың қаңтар айынан бастап есептегенде ең жоғары жылдық өсім болып есептеледі.
Өңірлік бөліністе биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық өнімнің жылдық өсімі Алматы облысында 7,2%-дан Алматыда 21,2%-ға дейін өзгерді. Маңғыстау (18,3%), Солтүстік Қазақстан (15,4%) және Қызылорда (15,3%) облыстарында да айтарлықтай өсім тіркелген.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?