22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанда азаматтарға мойнындағы қарыз көлеміне қарамастан автонесие алуға мүмкіндік беретін жаңа қаулы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді отандық автокөлік сатып алу үшін автонесиені тиімді шарттармен рәсімдеуге болады.
Бұған дейін қаржы мекемелері автонесие беру кезінде қарыз алушының басқа несиелері бойынша қарызын ескеретін. Егер бұрын алған несиеңіз бойынша берешек көп болса, өтінішіңіз мақұлданбауы мүмкін еді. Алайда жаңа қаулыға сәйкес, отандық автокөлікті сатып алу мақсатында автонесие алуда қарыздың болуы енді кедергі болмайды.
Автонесиенің басты артықшылықтары мынада:
Қаржы нарығын дамыту агенттігінің мәліметінше, жаңа қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімді қамтиды. Осы кезеңде автонесие беру кезінде қарыз алушының борыштық жүктеме коэффициентінің шекті деңгейі ескерілмейді.
Банк ұйымдары несиелік тәуекелдерді басқару мақсатында автонесиелер бойынша қарыз алушының қарыздық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жалғастырады. Бұл шара қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстандағы жаңа автонесие қаулысы отандық автокөлік нарығын жандандыруға және азаматтарға тиімді шарттармен несие рәсімдеуге зор мүмкіндік береді. Төмен пайыздық мөлшерлеме мен қарыз жүктемесінің есепке алынбауы отандық көлікті қолжетімді етеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев