Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлемдегі жетекші зерттеу университеттердің бірі Heriot-Watt басшыларымен кездесті. Кездесу аясында британдық жоғары оқу орнының Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен серіктестігі талқыланды, деп хабарлайды El.kz.
Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білім беру жүйесін экономиканың сұраныстарына сай қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, оның ішінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жолымен іске аспақ.
Келісім бойынша Heriot-Watt университеті Жұбанов университетінің базасында үш («Мұнай-газ ісі», «Электронергетика», «Компьютерлік инженерия») бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламасын, сондай-ақ «Өнеркәсіп менеджменті» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасын ашады. Бұл мамандықтар өңірдің сұранысына қарай таңдалып отыр.
«Жоғары оқу орындарының арасындағы серіктестік отандық техникалық және IT мамандарды бірлесе дайындауға бағытталған. Оқуды аяқтаған студенттерге Heriot-Watt университеті мен Жұбанов университетінің қос дипломы беріледі. Бұл мамандықтар Ұлыбританиялық стандарт бойынша оқытылып, Heriot-Watt Университеті бақылайды. Талапкерлерді қабылдау келесі оқу жылында басталады», – деді Саясат Нұрбек.
Британдық университеттің өкілі Жұбанов университетімен ынтымақтастықты дамыту туралы жоспарларымен бөлісті. Екі жоо арасында академиялық ұтқырлық бағдарламалары белсенді дамитын болады.
Heriot-Watt университеті – 1821 жылы негізі қаланған әлемдегі жетекші зерттеу университеттердің бірі. Математика, химия инженериясы, құрылыс, электр техникасы және мұнай-газ ісі пәндері бойынша әлемдік QS рейтингінде үздік 300 университеттің қатарына кіреді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?