12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБурабай ауданында журналистикада оқитын студенттерге арналған Media Bootсamp жазғы мектебі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жоба жас журналистердің медиа индустриядағы жаңа үрдістер мен инновациялар туралы білімін арттырып, кәсіби машықтарын жетілдіруге бағытталған.
Media Bootcamp-тің оқу бағдарламасы «Журналист этикасы және оның стандарттары», «Қазіргі документалистика: сторителлиңнің тиімді әдіс-тәсілдері», «Журналистикада жасанды интеллектіні (АІ) қолдану» секілді өзекті тақырыптарды қамтиды.
Қатысушыларға кәсіби журналистер, медиа саласының мамандары дәріс оқып, уоркшоп өткізеді.
Жазғы мектепке қатысу үшін еліміздегі 19 ЖОО-да оқитын студенттер мен магистранттардан 74 өтініш келді. Олардың арасынан 50 қатысушы іріктеліп алынды.
Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институтының MediaLab орталығы ұйымдастырды. Оқыту бүгін басталып, 25 шілдеге дейін жалғасады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер