2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін бүркемелейтін киімдерге байланысты талаптар күшейтіледі. Мәжілістің пленарлық отырысында тиісті заң жобасына өзгерістер екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Депутат Магеррам Магеррамов түсіндіргендей, енді адамның келбетін толық немесе жартылай жауып, оны тануға қиындық тудыратын киімдерге әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Алғаш рет құқық бұзғандарға тек ескерту жасалады.
Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға кедергі келтіретін киім үлгілерін киюге тыйым салынды. Бірінші рет жасалған құқықбұзушылық үшін ескерту беріледі, ал қайталанса, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2025 жылы бұл 39 320 теңге)", - деді депутат.
Құжат енді Сенаттың қарауына жіберіледі. Жоғарғы палата мақұлдаған жағдайда, заң Президентке қол қоюға жолданады. Қай күннен бастап күшіне енетіні әзірге нақтыланбады. 2026 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты айыппұл шамамен 43 250 теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін.
Естеріңізге салайық, 12 шілдеден бастап елде адамның бетін толығымен жабатын киімдерді пайдалануға заң жүзінде тыйым салынған. Полиция бұл талаптың басты мақсаты - қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қажетті жағдайда бейнебақылау арқылы азаматтарды жедел анықтауға мүмкіндік беру екенін жеткізген.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс