Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСоңғы жылдары Қазақстанда балалар денсаулығын қорғауға бағытталған медициналық қызметтер мен олардың қаржыландырылуы айтарлықтай артқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2024 жылы бұл мақсатқа бөлінген қаражат көлемі 264 миллиард теңгеден 575,4 миллиард теңгеге дейін өскен. Қазақстан – Орталық Азияда туған сәттен бастап балаларға кардиохирургиялық көмек қолжетімді болатын жалғыз ел саналады. Биыл ашық жүрекке 1700-ден астам ота жасалса, соның 809-ы 1 жасқа толмаған сәбилерге жасалған.
Қазіргі заманғы медициналық технологиялар мен неонаталдық реанимацияның дамуы нәтижесінде салмағы өте төмен сәбилердің өмір сүру деңгейі 4 есеге артты. 2026 жылдан бастап I–III дәрежелі есту қабілеті нашар балалар жергілікті бюджет есебінен есту аппараттары мен аудиопроцессорлармен қамтамасыз етілмек.
Онкогематологиялық көмек саласында да оң нәтижелер бар:
Жыл сайын 5 мыңнан астам бала емделеді;
Шетелге емделуге жіберілетін балалар саны 2 есеге азайды – бұл қызметтер енді Қазақстанда да қолжетімді;
Балалардағы қатерлі ісікке қарсы жалпы өмір сүру көрсеткіші 75%-дан асты.
Шұғыл медициналық көмек саласында:
Санавиация орталығы 3 мыңнан астам әйел мен балаға көмек көрсетті;
2024 жылы медициналық авиацияның мобильдік бригадалары 750-ден астам әуе рейсін орындады;
647 бала мен 127 жүкті әйел шұғыл тасымалданды.
Бұл көрсеткіштер мемлекет тарапынан балалар денсаулығына ерекше назар аударылып отырғанын көрсетеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады