22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2022 жылдың 12 айында Қазақстанда 403,9 мың бала дүниеге келді (446,4 мың – 2021), деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, дүниеге келген балалардың 51,5%-ы – ұл, 48,%-ы – қыз. 241,4 мың бала немесе туылғандардың жалпы санының 59,8%-ы қалада, 162,4 мыңы – 40,2% ауылды жерлерде дүниеге келген.
2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,57 құрады, 2021 жылы ол көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 23,50 туылған нәресте деңгейінде болды. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкент қаласында (27,13) тіркелді. Ең төмен туу көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға 10,96), Қостанай (12,42) және Шығыс Қазақстан облыстарында (12,96) байқалды, – делінген хабарламада.
2022 жылы әйелдердің бала туу кезіндегі орташа жасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 31,5 жасқа дейін ұлғайған (2021 – 29,5 жас, 2020 – 29,3 жас), қалалық жерде – 31,9 жас (2021 – 29,9 жас), ал ауылдық жерлерде – 31 жасты (2021 – 29,1 жас) құрады.
Бюро дерегінше, Қазақстанның басым өңірінде бала туу кезіндегі әйелдердің орта жасы республикалық деңгейден жоғары.
Республикалық маңызы бар қалалардағы бала туу кезіндегі әйелдердің ең жоғары орта жасы Астана – 32,5 жас, Алматы – 32,3 жас, ең төменгі орта жасы Түркістан облысында – 30,2 жас болды. Бұл ретте алғаш босанғандардың орташа жасы 26,8 жасты құрады. Туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) – репродуктивтік кезең бойы (15-49 жас) орта есеппен бір әйелден туған балалардың саны – 2022 жылы республика бойынша – 3,05 (2021ж. – 3,32), қалалық жерде – 2,76 (2021ж. – 3,08), ауылдық жерлерде – 3,59 (2021ж. - 3,75) құрады, – делінген бюро ақпаратында.
Ел өңірлерінің ішінде ТЖК ең жоғары деңгейі Түркістан (4,52), Маңғыстау (4,15) облыстарында, ал ең төмені Қостанай (1,97) және Солтүстік Қазақстан (1,87) облыстарында тіркелді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев