22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанда бала асырап алу тәртібіне бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Енді үміткерлер ғана емес, олармен бірге тұратын адамдар да тексеріледі, ал туыстарға бала асырап алуда басымдық беріледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Енді ата-әжелер, нағашы-жиендер, ағайын-туыстар және басқа да жақын туыстар бала асырап алуда бірінші кезекте қарастырылады. Бұл талап олардың Қазақстаннан тыс жерде тұруына немесе Қазақстан азаматы болмауына қарамастан қолданылады.
Ресми некедегі жұптарға артықшылық беріледі
Егер баланың туыстары болмаса, басымдық заңды некеде тұрған азаматтарға беріледі. Ал азаматтық некеде (ресми тіркелмеген бірге тұру жағдайында) өмір сүретін адамдар бір баланы бірге асырап ала алмайды.
Бұдан былай денсаулық жағдайы, табыс деңгейі, соттылығы және психологиялық ахуал бойынша талаптар тек бала асырап алушыға ғана емес, баламен бір үйде тұратын барлық отбасы мүшелеріне немесе бірге тұратын адамдарға да қойылады.
Бала отбасына қабылданғаннан кейін әрбір отбасы мүшесіне кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы тиесілі болуы қажет.
ДНҚ сараптамасы міндеттелді
Егер ер адам баланың әкесі екенін ресми түрде анықтаса, ал оның заңды жұбайы кейіннен сол баланы асырап алғысы келсе, құжаттар пакетіне әкелік қатынасты растайтын молекулалық-генетикалық (ДНҚ) сараптама қорытындысы міндетті түрде қоса тіркелуі керек.
Заңгер Төлеген Болтановтың айтуынша, бұл өзгерістердің енгізілуіне бала асырап алушымен бірге тұратын кейбір ересектердің балалардың құқықтарын бұзу, оларға қысым көрсету және заңды мүдделеріне қол сұғу жағдайларының көбеюі себеп болған.
Сондықтан заң шығарушы бұл салаға өте қажет әрі маңызды түзету енгізді деп есептеймін, – деді Болтанов 24KZ арнасына берген сұхбатында.
Қазақстанда 20 мыңнан астам жетім бала бар
Қазіргі таңда Қазақстанда 20 мыңнан астам жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың шамамен 80 пайызы асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат немесе қабылдаушы отбасы сияқты отбасылық тәрбие нысандарында тәрбиеленуде.
Ал қалған балалар арнайы мекемелерде тұрады. Бұрын олар балалар үйлерінде тәрбиеленсе, бүгінде балаларды қолдау орталықтарында, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және сәбилер үйлерінде орналастырылады.
Біз бұған дейін Қазақстанда соңғы 10 жылда балалар үйінде тәрбиеленушілер саны екі есе азайғаны жайлы жазғанбыз.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев