Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Сенат отырысының Үкімет сағатында еліміздегі ажырасудың негізгі себептерін айтып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің сөзінше, Қазақстан отбасылары ұлттық баяндамасында елімізде сұралғандардың 95,4 пайызы отбасылық қарым-қатынасқа қанағаттанған екен.
Ал Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда неке саны 5,9 пайызға, ал ажырасу 5,3 пайызға азайған. Ажырасудың негізгі себептері - алкоголизм және ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы (61,7 %). Сондай-ақ шаңырақтың шайқалуына тұрмыстық зорлық-зомбылық (51,1%), опасыздық (47 %), лудомания (38,4 %) ықпалын тигізеді.
Зерттеулерге сәйкес қазақстандықтардың 20 пайызы үшін ажырасудың негізгі себебі – бала сүйе алмау, әрбір алтыншы отбасы осындай жағдайға тап болады екен, - деп тұжырымдады Балаева.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар