Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айыппұлдар мен төлемдер өседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Келесі жылдан бастап елде барлық төлемдер айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты қайта есептеледі. АЕК көлемі 10%-ға ұлғайып, қазіргі 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін көтеріледі.
Бұл өзгеріс «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында қарастырылған. Жаңашылдық жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарға, көлікті тіркеуге, утилизациялық алымға және автосақтандыруға әсер етеді.
Айыппұлдар қымбаттайды
Ең алдымен өзгерісті жүргізушілер сезінеді:
5 АЕК (жылдамдықты 10-20 км/сағ асырғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны, дұрыс қойылмаған көлік) - 21 625 теңге (қазіргі 19 660 теңгенің орнына).
10 АЕК (қызылға өту, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты 20-40 км/сағ асырғаны) - 43 250 теңге (қазіргі 39 320 теңгенің орнына).
50 АЕК (жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу, апат орнынан қашу) - 216 250 теңге (қазіргі 196 600 теңгенің орнына).
Утилизациялық алым да өседі
Утилизациялық алымның базалық мөлшері (50 АЕК) 2026 жылғы қаңтардан бастап 216 250 теңге болады.
Қозғалтқышы 1 литрге дейінгі көлікке - 324 375 теңге,
1-2 литр аралығы - 756 875 теңге,
2-3 литр аралығы - 1 081 250 теңге,
3 литрден жоғары - 2 486 875 теңге.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары