Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық кірісті заңдастыру мақсатында 6,2 мың «дроп-карта» пайдаланылғанын анықтады. Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, алаяқтар интернет-банкингке қашықтан қол жеткізу мақсатында үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған.
Көбінесе «дроп-карта» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған. Мұндай карта иелерінің 90%-дан астамы резидент емес - делінген мәліметте.
«Дроптар» – бұл банктік карта мен шотты рәсімдеу үшін қолданылатын жалған тұлғалар.
Қаржылық мониторинг агенттігі банктік карталар мен шоттарды пайдалану арқылы заңсыз схемаларға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылу қаупі бар екенін ескертеді.
Күмәнді қаржылық операцияларға қатысудан сақ болуға шақырамыз. Егер сізге қаражат аударғаныңыз үшін жеңіл табыс ұсынса, бұл қылмыстық схеманың бөлігі болуы мүмкін, - деп қосты агенттік.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары