Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда автокөлік иелері міндетті сақтандыру полисі үшін бұрынғыдан көбірек қаржы төлей бастады. Шілде айында сақтандыру полисінің орташа құны 24 мың теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 14 пайызға қымбаттады, деп жазады Еl.kz интернет порталы.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бағаның өсуіне айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10 пайызға артуы және өңірлік коэффициенттердің орта есеппен 4 пайызға қайта қаралуы себеп болған.
Сонымен қатар сақтандыру полисінің нақты құны әр жүргізуші үшін жеке есептеледі. Бағаға жүргізушінің жасы, көлік жүргізу өтілі, көліктің тіркелген өңірі, техникалық сипаттамалары және сақтандыру тарихы әсер етеді. Жол-көлік оқиғаларына жиі кінәлі болатын жүргізушілер үшін сақтандыру құны 100 мың теңгеден де асып кетуі мүмкін.
Автосарапшы Алексей Алексеевтің айтуынша, сақтандыру компанияларына енді түрлі бонустар арқылы тарифтерді икемді реттеу мүмкіндігі берілген. Соның нәтижесінде биылғы сақтандыру құны келесі жылы арзандауы да ықтимал. Яғни, тарифтер бойынша белгілі бір баға дәлізі енгізілген.
Сақтандыру компаниялары өз кезегінде сақтандыру төлемдерінің көбеюі заңды құбылыс екенін атап өтті. Олардың пікірінше, қолданыстағы тарифтерді қайта қарамаса, міндетті автосақтандырудың тиімділігі төмендеп, бұл алдағы уақытта полистер бағасының одан әрі қымбаттауына және кейбір сақтандыру ұйымдарының осы қызмет түріне қызығушылығының азаюына әкелуі мүмкін.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек