2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстанда «Ауыл online» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесіне шалғайдағы ауылдардың 90%-дан астамы екі жыл ішінде интернетпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметіе сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун интернетке қол жеткізуі қиын елді мекендерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың барысы туралы айтты.
Бізде 6 мың елді мекен бар, олар интернетке қол жеткізу қиын деп белгіленген. Бүгінгі таңда 2,5 мыңнан астамы интернетпен қамтамасыз етілген. "Қазақтелеком" компаниясымен қол қойылған келісімнің нәтижесінде біз екі жыл бойы барлық қалған ауылдарды қосып, жетуі қиын ауылдарды қамтудың 90%-дан астамына қол жеткізуге тиіспіз. Сондай-ақ Starlink және OneWeb спутниктері арқылы ауылдарды интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде, - деді Дмитрий Мун.
«Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абылайхан Оспанов жаңа жобаның іске қосылуы туралы айтып берді.
Біз «Ауыл online» жобасын әзірледік және 3 мың ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша міндеттемелер жүктелді. Осы жұмыстың нәтижесінде бөлінген елді мекендерде байланыс сапасын жақсарту көзделген,- деп атап өтті Абылайхан Оспанов.
Оның айтуынша, жақын арада компанияның сайтында осы елді мекендердің тізімі орналастырылады. Бұл жұмыстарды тиімді жүргізу үшін облыстың әр әкімімен меморандумдарға қол қойылады.
Бұл олардың осы жобаны жүзеге асыруға жәрдемдесуі үшін жасалады, өйткені көптеген мәселелер жергілікті атқарушы органдарға байланысты, мысалы кабельді басқаруға, антеннаны орнатуға рұқсат беру және тағы басқалар.
➖
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова