Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБылтыр Қазақстанда арақ-шарап сатылымы 2 есе артқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокурор Берік Асылов заңдылықты, құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында түнде арақ-шарап сатуға салынған тыйымның пайдасы аз екенін айтты.
Балалар арасындағы қылмыс пен олардың құқығына қол сұғу проблемасы өзекті болып тұр. Тұрмыстық кикілжің себебінен туындаған қылмыстар қоғамда резонанс туғызып жүр. Оның басты триггері – жұмыссыздық, әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандырылмау, табыстың азаюы, көші-қон және маскүнемдік, - деді Б.Асылов.
Бас прокурордың айтуынша, әр қалада арақ-шарапты түнде сатып алуға болатын жасырын орындар бар.
Былтырдың өзінде ғана уытты алкогольдің сатылым көлемі екі есе артқан. Алкогольді түнгі уақытта сатуға салынған тыйымнан пайда болмай тұр. Әр қалада алкогольді түннің кез келген уақытында сатып алуға болатын жасырын орындар бар және көпшілікке мәлім. Біз Шымкент, Алматы сияқты 8 өңірге шығып, ахуалды зерттедік. Өкілетті органдардың қызметіндегі жүйелі проблемаларды анықтадық, - деді Бас прокурор.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары