28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСыртқы істер министрлігінің өкілі американдық Apple корпорациясымен және Швецияның IKEA жиһаз және үй тауарларын сату жөніндегі компаниясымен жүргізіліп жатқан келіссөздер жайында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Біздің елшілер үлкен кеңселердің басшыларымен тікелей сөйлеседі. Әр брендпен жеке келіссөздер жүргізілуде. Егер Apple туралы айтатын болсақ, бұл компанияға Қазақстанда өндіріс ұсыну, менің ойымша, қисынсыз», деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, Қазақстанда смартфондар өндірісі бойынша бәсекелестік артықшылықтар жоқ.
«Алматыда Apple-дың сауда жөніндегі ресми өкілдігін ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Apple бізге мұндай деңгейдегі мәселелерді шешу үшін шамамен 3-4 жыл қажет екенін айтты. Бірақ бұл жұмыс басталып кетті», деп түсіндірді Айдаров.
Сондай-ақ СІМ өкілі жиһаз және үй тауарларын сататын IKEA компаниясының Қазақстанға көшуі туралы мәселеге түсініктеме берді.
«Олар біздің нарықты бірнеше рет қарастырды. Бірақ компания Ресейдегі активтерін тастау тиімді емес деп ойлайды. Бұған дейін IKEA Ресейде көптеген активтерді сатып алған еді», деп қосты спикер.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?