Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2025 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында Қазақстанда жалпы аумағы 87,3 мың шаршы метрді құрайтын 54 сауда үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сауда нысандардың нақты құны 39,7 млрд теңгені құрады. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Сауда үйлерінің ең көп саны Шымкент қаласында (15 нысан) және Қызылорда облысында (14 нысан) тіркелген. Бұдан бөлек, бірінші жартыжылдықта жалпы аумағы 39 мың шаршы метр болатын 60 супермаркет іске қосылған. Олардың жалпы құны – 19,5 млрд теңге.
Супермаркеттердің басым бөлігі Шымкент қаласында (21 нысан), сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарында – әрқайсысында 12 нысаннан ашылды. Сондай-ақ, аталған кезеңде жалпы аумағы 30,3 мың шаршы метрді құрайтын 176 минимаркет пайдалануға берілді. Бұл нысандардың жалпы құны 11,2 млрд теңге болды.
Минимаркеттердің ең көбі Түркістан (32), Жамбыл (22) және Қызылорда (20) облыстарында ашылған.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар