Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТөтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Петропавл қаласында еліміздегі алғашқы модульдік құтқару станциясын ашты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, жңа нысан Есіл өзенінің жағасында салынған және Солтүстік Қазақстан облысындағы судағы оқиғаларға ден қою жүйесіндегі негізгі буын болады.
Ашылу рәсіміне облыстық әкімдік өкілдері, ТЖД ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Біз құтқару бөлімшелерінің қажетті жерлерде салынуын қамтамасыз ету арқылы оларды күшейтіп жатырмыз. Мұнда құтқарушылардың жылдам әрекет етуіне барлық жағдай жасалған, - деп министр атап өтті.
Станция қысқа мерзімде салынды. Модульдік ғимарат тәулік бойы кезекшілікке қажетті барлық заттармен жабдықталған: жұмыс аймағы, ас үй, техникалық бөлме және демалыс аймағы. Энергияны үнемдейтін материалдар пайдаланылды, электр жылыту жүйесі орнатылды. Сонымен қатар суға тез түсуге арналған пирстер мен баспалдақтар жабдықталған.
Жаңа станция жағалау аймағын және маңызды объектілерді - автомобиль көпірі мен Петропавл су торабының бөгетін бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл нысан еліміздің басқа өңірлерінде осындай инфрақұрылымды енгізу үшін пилоттық болады.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары 1200-ден астам шығу жасады, 135 адамды құтқарып, 240-тан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Жаңа станцияны іске қосу өңірлік ТЖД жедел мүмкіндіктерін едәуір күшейтеді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары