30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін Астанада «Jas Kenes Siylygy» жаңа жобасы таныстырылды. Байқау – ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бастама жас мамандарды қолдауға және ынталандыруға бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Jas Kenes Siylygy» жобасының басқа конкурстардан айырмашылығы, басшылар мен топ-менеджерлер қатыса алмайды. Жобаның мақсатты аудиториясы – жас мамандар. Сыйлық қазақстандық қоғам үшін маңызды экономикалық салаларда жұмыс істейтін, күнделікті еңбегі көптеген отандастар үшін жиі көзге түспейтін жас қазақстандықтарды көтермелеу мақсатында беріледі, – деді ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Әділ Құсманов.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, конкурсқа 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер «Janqiarlyq», «Altyn jürek», «Önerkäsıp», «Bolaşaq turaly qamqorlyq», «Adamgerşılık», «Kömek qoly» және «Bızdıñ üi» деп аталатын 7 номинация бойынша қабылданады.
Негізгі ақпараттан басқа, үміткерлер ұсыныс пен мотивациялық хат ұсынуы керек. Іріктеуден кейін сыйлықтың құрылтайшыларымен сұхбат болады. Нәтижесінде әр номинация бойынша екі жеңімпаз таңдалады. «Jas Kenes Siylygy» лауреаттары 1 миллион теңге сыйақы алады.
Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау 2024 жылғы 18 маусымнан 21 шілдеге дейін жалғасады. Өтінімді Jaskenes.kz/application сайтында беруге болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды