22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМемлекеттік Орталық музейінде Қазақстанда алғаш рет «Торт музейі» атты торттар көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Торт музейі» торттар көрмесіне алматылық кондитер-дизайнерлердің эксклюзивті авторлық торттары қойылған. Арнайы «Торт музейі» көрмесіне қатысушы жергілікті шеберлер 40-тан астам түрлі дизайндағы әртүрлі өлшемді әрі пішінді торттар жасауға ниет білдіріпті.
Жобаның мақсаты – торт әлеміне толықтай ену, соған барша халықты ынтықтыру. Алматы қаласындағы Мемлекеттік Орталық музейіне келушілер алматылық торттардың тарихы туралы қызықты мағлұматтар алып қана қоймай, тортпен байланысты қызықты интерактивті бағдарламаларға да қатыса алады.
Сонымен қатар мұнда әрбір келуші үшін ойын аумағы, фотозона, арнайы танымды экскурция, дәм тату және шеберлік сыныптары ұйымдастырылуда.
Шеберлік сыныпта «тәтті шеберлер» әрбір келушіге мастикпен сәндеп, өз шағын тортын жасауға және шоколад торттарын дәмдеу үшін жиі қолданылатын заттардың дәмін татып көруге де мүмкіндік береді.
Торттар көрмесін 2023 жылдың 16 сәуірге дейін сағат 09:00-18:00 аралығында келіп тамашалауға болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев