Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОнкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында азақстанда алғаш рет Sagebot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық жүйесін қолдана отырып, Бейжің университетінің Бірінші ауруханасымен бірлесіп бірегей хирургиялық ота жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, хируриялық операция шамамен екі сағатқа созылды. Оның барысында ағзаның функционалдық белсенділігін сақтай отырып және операциядан кейінгі асқыну қаупін азайта отырып, қатерлі ісікті алып тастауға бағытталған бүйректің ағзаны сақтайтын ішінара резекциясы орындалды.
Бірегей отаны доктор Ли Сюэ Сун Бейжің қаласында және заманауи телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, араласу барысын қашықтан басқарды. Алматыда операцияның барысын бақылауды ҚазОРҒЗИ хирург-дәрігері, PhD Хусан Талипбайұлы Өмірзақов жүзеге асырды.
Роботтандырылған хирургия урология, гинекология және жалпы хирургия сияқты салалардағы ең заманауи және тиімді әдістердің бірі болып табылады. Бұл әдіс лапароскопияның артықшылықтарын — аз инвазивті қолжетімділікті және тіндердің ең төмен жарақаттануын — 3D-бейнелеу мүмкіндіктерімен, қозғалыстың жоғары дәлдігімен және интеллектуалды бақылау жүйелерімен біріктіреді. Бұл операциядан кейінгі кезеңнің жеңіл ағымын, ерте белсендіруді, емдеуге жатқызу уақытын қысқартуды және асқыну қаупін азайтуды қамтамасыз етеді.
Медициналық технологияларды стратегиялық дамыту шеңберінде алдағы айларда роботтандырылған хирургиялық жүйені пайдалана отырып, 50 жоғары технологиялық операция жүргізу жоспарланып отыр. Операциялар урология, гинекология және абдоминалдық хирургия сияқты негізгі бағыттарда жасалады.
Бүгінгі таңда Қытай мен Түркияның жетекші онкология орталықтарымен қолданыстағы келісімдердің шеңберінде роботтандырылған хирургияны қолдана отырып, әртүрлі локализациялардағы ісік ауруларын емдеудің инновациялық әдістерін енгізу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек