Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстандықтардың атына курьер болып келетін алаяқтар көбейіп жатыр. Олар жалған сәлемдеме әкеліп, 1414 нөмірінен келген кодты сұрайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сарапшылардың айтуынша, бұл код банк шоттарына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік бермейді, бірақ жәбірленушіні кейінгі алаяқтық схемасына тартуға арналған айла. Кодты айтқаннан кейін жәбірленушіге өздерін банк қауіпсіздік қызметі немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар қоңырау шалып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды сұрайды.
Мамандар SMS-кодтарды ешкімге айтпауға, жеке деректерді жария етпеуге және күмәнді қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар