6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ:
А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі.
А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
Аурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.
Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.
А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады
ВАКЦИНАЦИЯЛАУ А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНЕН ҚОРҒАЙДЫ
Вакцинациялауға жататындар:
- екі жастағы балалар;
- инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.
ГЕПАТИТ ИНФЕКЦИЯСЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ:
- тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;
-ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;
-ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі