Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанда қарызын өтей алмай, банкроттық рәсімінен өткен азаматтардың саны 98,6 мыңға жуықтады. Олардың жалпы 373 миллиард теңге берешегі есептен шығарылған. Сонымен қатар қазір тағы 23 мыңнан астам қазақстандық банкроттық рәсімінен өтіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Комитеттің дерегінше, елде азаматтардың банкроттығын рәсімдеудің екі жолы бар: соттан тыс және сот арқылы банкроттық.
Соттан тыс банкроттық рәсімі қарыз көлемі 1 600 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын және атына тіркелген мүлкі жоқ азаматтарға арналған. Ал берешек мөлшері осы шектен асса немесе азаматтың атында мүлік (автокөлік, тұрғын үй және басқа да мүлік) болса, мәселе сот арқылы қаралады.
Қазіргі уақытқа дейін осы екі рәсім бойынша шамамен 98,6 мың адам банкрот деп танылған. Нәтижесінде олардың 373 миллиард теңге қарызы есептен шығарылды.
Бұдан бөлек, тағы 23 195 азаматқа қатысты банкроттық рәсімі жүргізіліп жатыр. Олардың жалпы берешегі 134,5 миллиард теңгені құрайды.
Банкрот деп танылған азаматтарға қандай шектеулер қойылады?
Мамандар банкроттықты қарыздан біржола құтылудың оңай жолы деп қабылдамауға шақырады. Өйткені азамат банкрот деп танылғаннан кейін оның қаржылық мүмкіндіктеріне бірқатар шектеу қойылады. Атап айтқанда:
Сонымен қатар банкроттық кезінде қарыздың барлық түрі есептен шығарылмайды. Мысалы, алимент бойынша берешек азаматтың мойнында қалады және оны өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті.
Сондықтан банкроттыққа өтініш бермес бұрын оның салдарын мұқият бағалау қажет. Бұл рәсім бір жағынан төлеуге шамасы келмейтін қарыздан арылуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан азаматтың бірнеше жыл бойы несие алу құқығын шектейді.
Банкроттыққа балама бар ма?
Тұрақты табысы бар және қарызын біртіндеп өтеуге мүмкіндігі жететін азаматтар үшін тағы бір жол қарастырылған. Ол – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі.
Бұл жағдайда қарызды есептен шығару көзделмейді. Оның орнына сот азаматтың қаржылық жағдайын ескере отырып, берешекті өтеудің жеке жоспарын бекіте алады. Жоспардың мерзімі бес жылға дейін созылуы мүмкін.
Бұл тетіктің басты артықшылығы – рәсімнен өткен азаматқа банкроттық кезіндегі шектеулер қолданылмайды. Яғни ол қаржылық міндеттемелерін орындауды жалғастыра отырып, болашақта несие алу мүмкіндігін сақтай алады.
Осылайша, қарызын өтей алмай жүрген қазақстандықтар үшін банкроттық жалғыз шешім емес. Егер тұрақты табыс көзі болса, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін де қарастыруға болады. Ең бастысы – өтініш бермес бұрын екі жолдың да құқықтық және қаржылық салдарын түсіну.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер