23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?2024 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың жалпы саны — 9 167,3 мың адам. Оның 51,9% ерлер болса, 48,1% — әйелдер, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас санаттары бойынша жұмысшылардың ең көбі 35-44 жас тобына тиесілі — 2,5 млн астам адам.
Одан кейін 29-34 жас аралығындағы қызметкерлер, олардың саны 1,8 млн асады.
Қызметкерлердің жалпы санының 44%-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тағы 50%-ның техникалық немесе кәсіптік білімі бар.
Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 76,2% жалдамалы жұмысшы болса, 23,8% — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Жалдамалы жұмысшылардың ең көбі Алматы қаласында байқалды, олардың саны 954,3 мыңға жетеді.
Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында өңірлер бөлінісіндегі ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында — 374,5 мың адам (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының 17,1%).
Сонымен қатар 51,6 мың адам қашықтан жұмыс істейді.
452,7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген.
Жұмыспен қамту деңгейі — 95,3 пайыз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік