23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 5,4 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц / га болған кезде 8 млн тоннаға жуық астық бастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, бидай 3,7 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,2 ц/га 5,4 млн тонна бастырылды, арпа – 1,2 млн га, өнімділігі 15,8 ц/га 1,9 млн.тонна бастырылды, сұлы – 99,4 мың га, өнімділігі 14,7 ц/га 145,9 мың тонна бастырылды.
Биылғы жылы майлы дақылдар орташа өнімділігі 10,2 ц/га 67,3 мың га алқаптан жиналды, 68,6 мың тонна бастырылды.
41,1 мың гектар алқаптан 260,4 ц/га өнімділікте 1 млн тоннадан астам картоп жиналды, көкөніс дақылдары 77,4 мың гектардан 242 ц/га өнімділікте 1,9 млн тоннаға жуық жиналды.
Бақша дақылдары 92,4 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 252,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.
Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік