6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘділет министрлігі 2023 жылдың 18 қаңтарында «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігін тіркеуден өткізді. Бұл туралы ҚР Әділет минстрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Тіркеуге 2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды.Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды", - делінген хабарламада.
Осыған орай, 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:
1. «Amanat» партиясы;
2. «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
3. Қазақстан Халық партиясы;
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;
6. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;
7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі