30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБиыл 18 наурыздан бастап ҚР азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өз бетінше шектеу жөнінде онлайн қызмет пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы қызметті Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматтары мен резиденттері пайдаланды.
Онлайн форматтағы жаңа қызмет қағаз нұсқадағы жазбаша өтінішке қарағанда өтініштерді өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу рәсімін жеңілдетеді. Бұл барлық азаматқа, ең алдымен құмар ойындармен шектен тыс әуестенетін тұлғаларға барлық лицензияланған ойын мекемелері мен букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіруге лезде тосқауыл қоюға мүмкіндік береді», - деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев
Әлеуетті өтініш берушілердің назарын құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын өз бетінше бас тартқысы келетін тұлғалар өтінішті дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өздігімен беруі тиіс екендігіне аударамыз. Өтінішті үшінші тұлғалар бере алмайды.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Туризм және спорт министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық әзірледі, ол «eGov mobile» мобильді қосымшасында және Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолжетімді болады: https://youtube.com/shorts/_Nq7Zb_M-4Y?feature=share
Сонымен қатар цифрлық сервиспен қатар ҚР азаматтары мен резиденттері үшін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу туралы жазбаша өтінішті (қағаз нысанда) ойын бизнесін ұйымдастырушылары арқылы беру мүмкіндігі сақталады.
Қағаз форматында құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан 3 мыңнан астам адам өздерін шектеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды