6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 23 қаңтардан бастап елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ІІМ баспасөз брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті.
«Өтініштер ХҚКО және электрондық сервис арқылы қабылданады. Сондай-ақ азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Биылғы жылдың 23 қаңтары мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Оның ішінде 67 пайызы (46 592) Ресейден, 19 пайызы (13 424) - Армениядан, шамамен 10 пайызы (6 788) - Қырғызстаннан, 2 пайызы (1 296) – Грузия мемлекетінен», - деді ол.
Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлегенін айтты.
«Аталған жоба жария талқылаудан өтті. Қазір біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін Үкіметке енгіземіз. Заңдастыру жұмыстары жалғасуда», - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі