6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда соңғы 5 жылда өндіріс көлемі заттай түрде 4 есеге өсті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 5 мыңнан астам трактор мен комбайн шығарылды. Мұндай мәліметтерді Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
Қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер отандық өндірістің, оның ішінде CLAAS, Horsch, Deutz Fahr әлемдік брендтерінің заманауи техникасымен қамтамасыз етілген. Биыл жаңа ірі инвесторлар – Amazone және Zoomlion келді.
Ірі габаритті бөлшектер өндірісі іске қосылды: трактор кабиналары мен комбайн бункерлері. Өндірушілер мен сабақтас өндірістер арасында кооперация жолға қойылған. Қостанай қаласында Локализация орталығы құрылды, онда компоненттік базаны өндіру бойынша цехтар ұйымдастырылды.
Секторды одан әрі дамыту аспалы және тіркемелі техника шығаруды ұлғайтуға бағытталатын болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі