Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?Қазақстанның екі ірі қаласында алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды. Синоптиктер Астана мен Алматы қалалары үшін 30 шілде, 31 шілде және 1 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада +36 градусқа дейін ыстық болады
Елордада алдағы күндері жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.
30 шілдеде Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +19…+21 градус, күндіз +33…+35 градусқа дейін көтеріледі. Жел шығыс бағыттан соғып, жылдамдығы түнде 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с болады.
31 шілдеде елордада күн ыстығы күшейеді. Термометр бағаны күндіз +34…+36 градусқа дейін көтеріледі. Түнде ауа температурасы +19…+21 градус шамасында болады.
1 тамызда күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Соған қарамастан ауа температурасы жоғары болып, күндіз +33…+35 градусқа жетеді.
Алматыда да ыстық ауа райы сақталады
Алматыда алдағы күндері негізінен жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі.
30 шілдеде қалада құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Түнде ауа температурасы +18…+20 градус, күндіз +31…+33 градус аралығында болады.
31 шілде мен 1 тамызда Алматыда аптап ыстық күшейеді. Күндіз ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +21…+23 градус жылы болады. Жел солтүстік-шығыс және шығыс бағыттан 3–8 м/с жылдамдықпен соғады.
Қазақстанда жаңа ыстық толқыны күтіледі
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағында ыстық ауа массалары сақталады. Елдің оңтүстік өңірлеріне Иран аумағынан келетін ыстық ауа массалары әсер етеді.
30 шілде мен 1 тамыз аралығында республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін.
Ең мол жауын-шашын Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі және шығысында күтіледі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа райы негізінен құрғақ әрі ыстық болады.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері:
Ал батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарда 1 тамыздан бастап аптап ыстық біртіндеп бәсеңдеп, күндізгі температура +25…+35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Мамандар ыстық күндері денсаулыққа мұқият болып, күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт далада болмауға кеңес береді.
Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс