18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ таратқан ақпаратқа сәйкес, қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады. Былтыр полиция қызметкерлері осындай 3600 қылмысты анықтады. Осыған байланысты ведомство оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Ксеll», «КаР-Тел», «Altel» және «Теle2» ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды. Қабылданған техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді.
Нәтижесінде өткен жылдың 6 айында 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал биыл жыл басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млн-нан асады. Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оның ішінде «call-орталықтар» деп аталатын қызметті бейтараптандыру және жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, өткен жылы ел аумағында интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді, - делінген Ішкі істер ведомствосының хабарламасында.
Былтырғы желтоқсанда Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді. Соның нәтижесінде қазақстандықтарды алдаумен айналысқан Украинаның 32 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ жойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендегенін атап өткен жөн.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр