Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАуыл шаруашылығы министрігі 2025–2026 жылдардағы қыс маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 22,3 млн тонна шөп (жоспардың 91%-ы), шамамен 1,8 млн тонна сенаж (102,5%), 1,2 млн тонна құрама жем (21%), 700 мың тонна сүрлем (34,4%), 1,6 млн тоннадан астам сабан (34,9%) дайындалған.
Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (115,2%), сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), Жетісу облысында (99,5%) байқалып отыр.
Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жоспарлы өнім мен төл алу үшін толыққанды азықтандыруды, сондай-ақ жалпы мал басының сақталуын қамтамасыз етеді. Жалпы республикадағы мал азығымен қамту жағдайы тұрақты.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер