23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген, бір жылда олардың саны 9,1% артты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бөлінісінде демалыс орындарының ең көп саны Түркістан облысында (32 бірлік), Шымкент қаласында (29 бірлік) және Қарағанды облысында (28 бірлік).
2024 жылы ойын-сауық және демалыс саябақтарына 15,5 млн адам барған. Барушылар санының ең көбі Астана (3,2 млн келу), Шымкент (2,7 млн келу) және Алматы (2,5 млн келу) қалаларында байқалған.
Меншік нысаны бойынша демалыс саябақтарының 29%-ы мемлекеттік меншікте, 69,3%-ы жеке меншікте және 1,5%-ы шетелдік меншікте, - делінген мәліметте.
Демалыс орындарының 131 ашық аспан астында, 120 орын ғимарат ішінде орналасқан. Ауылдық жерлерде 51 ойын-сауық және демалыс орны жұмыс істейді, бұл жалпы көрсеткіштің – 19,1%.
Демалыс орындарында аттракциондар мен ойын автоматтары түріндегі сауық құруға арналған 3 923 нысан бар.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады