Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСенат спикері Мәулен Әшімбаев парламенттік тыңдау барысында еңбек нарығындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, 2030 жылға дейін ел экономикасына барлық сала бойынша қосымша 1,6 миллион маман қажет болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанда білікті мамандар тапшылығы айқын байқалады. Әсіресе, инженерлер, техникалық мамандар, агрономдар және ветеринарлар жоғары сұранысқа ие.
Бұл үрдіс алдағы жылдары одан әрі күшейе түседі. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамына сәйкес, 2030 жылға дейін ел экономикасына барлық сала бойынша қосымша 1,6 миллион маман қажет болады. Оның ішінде шамамен 900 мың маман техникалық және кәсіптік білім беру саласынан, ал 430 мың маман жоғары білімді мамандар қатарынан қажет. Сонымен қатар, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және көлік салаларында кадр тапшылығы айтарлықтай жоғары.
Әшімбаевтың айтуынша, елдегі әр бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұл кадрларды даярлау жүйесінің қазіргі экономиканың нақты секторындағы сұраныстарға толық сәйкес келмейтінін көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда туыстық байланыстардың салдарынан жас мамандардың ғарыш саласынан кетіп жатқаны туралы мәлімет тараған болатын.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?