Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӨткен жылы Ұлттық жобалар шеңберінде 265,1 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 198 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында 382,4 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 316 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 50 пайыздан астамы 35 жасқа дейінгі жастар, – деді вице-министр.
Өңірлер бөлінісінде жұмысқа орналастырылған азаматтардың 52 пайызы Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларына тиесілі. Сондай-ақ, 54 пайызы ауыл тұрғындары.
Олжас Ордабаевтың сөзінше, отбасының цифрлық картасы атты ақпараттық жүйенің мәліметтеріне сәйкес, аталған азаматтардың отбасы жағдайын зерделей келе, 559 мың азамат жұмысқа орналасу арқылы әлеуметтік жағдайын дұрыстауға мүмкіндік алды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар