23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 13,6 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,8 ц/га болғанда 20 млн тоннадан астам астық бастырылды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осылайша, бидай 10,7 млн га алқапта жиналды, өнімділігі 14,2 ц/га кезінде 15,2 млн тонна бастырылды, арпа - 1,9 млн га, өнімділігі 16,7 ц/га кезінде 3,3 млн тонна бастырылды, сұлы - 158,2 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га кезінде 250 мың тонна бастырылды.
Биыл майлы дақылдар 494 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,5 ц/га 568 мың тонна бастырылды.
95 мың га алқаптан өнімділігі 233,8 ц/га болған кезде 2,2 млн тоннаға жуық картоп жиналды, көкөніс дақылдары 100,1 мың га жиналды, өнімділігі 248,2 ц/га болған кезде 2,4 млн тоннадан астам жиналды.
Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,1 ц/га, жалпы түсімі 5 млн тоннадан асты, - делінген мәліметте.
Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.
Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.
Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік