6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін, 10 тамыз – Абай күні. Ұлы ақынның туған күні қарсаңында оның есіміне қатысты қызықты статистика жарияланды. Қазақстанда бүгінде Абай есімді 18 961 адам тұрады.
Абай есімі ең көп таралған өңірлердің көшін Астана қаласы бастап тұр. Елордада 2 186 адамға Абай есімі берілген. Одан кейін Түркістан облысы – 2 008 және Алматы қаласы – 1 740 адаммен алғашқы үштікті түйіндейді. Абай есімді қазақстандықтардың арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар басым. Бұл жас санатында 3 267 адам бар. Ал Абай есімді ең егде қазақстандық 1932 жылы дүниеге келген.
Ұлы ақынның есімін жаңа туған сәбилерге беру дәстүрі де жалғасып келеді. 2026 жылдың алғашқы алты айында елімізде 91 сәбиге Абай есімі қойылған. Тағы бір қызықты дерек – Қазақстанда Абай есімді 9 әйел бар.
Ақынның азан шақырып қойған есімі – Ибраһим. Қазіргі таңда елімізде Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам тіркелген.
Ұлы ақынның есімі Қазақстанның географиялық атауларында да кеңінен көрініс тапқан. Бүгінде елімізде Абай атындағы 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл бар.
Айта кетейік, бұған дейін «Мен сенен артықпын»: Құнанбай болмаса, біз білетін Абай болар ма еді?» атты материал жариялаған едік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі