10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова психиатриялық және наркологиялық есепте тұрған азаматтарға несие беру жөніндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев Әбілқасымовадан психиатриялық және наркологиялық есепте тұрған азаматтарға несие беру бойынша қандай ұсынымдар барын сұрады.
Психиатриялық және наркологиялық есепте тұрған азаматтарға несие беруді шектеу туралы ұсынысты қолдаймыз. Қазіргі уақытта Азаматтық кодексте аталған тұлғаларға сот шешімі бойынша несие беру шектеледі. Біз осыған қосымша нормативтік деңгейде бірқатар түзету дайындадық. Банктерде тәуекелдерді басқару жүйесі бар, сол арқылы банктер мен микроқаржы ұйымдары осы санатқа жататын азаматтар үшін кредит беруді шектеу, оларға жоғары тәуекел деген мәртебесін қояды және кредитті шектейді. Бірақ та ол азаматтар бойынша мәліметтің бәрі кредиттік бюро ішінде болуы керек. Ақпарат кредиттік бюрода болса, банктер одан ақпаратты алып, соларға жоғары тәуекел деген мәртебе береді. Лудомандар бойынша жұмысты өткен жылдан бері дайындадық. Қазіргі уақытта барлық ақпарат кредиттік бюрода жиналады, олар арнайы тізім жасайды. Соңғы алты айда онлайн платформаларға 300 мың теңгеден астам мөлшерде тұрақты ақша аударымдары болса, сол азаматтарды тізімге кіргізеді, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қазіргі уақытта Қазақстанда 18 мыңнан астам адам наркомания бойынша динамикалық бақылауда тұрғанын атап өтті.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау кодексінің 273-бабына сәйкес, медициналық қызметкерлердің құпиясы бар. Сол бойынша диагноз жеке дерек болып есептеледі және оны жариялауға болмайды. Ол соттың шешімімен немесе науқастың жазбаша келісімімен жасалады, - деп түсіндірді вице-министр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді