Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕлдің транзиттік әлеуетін арттыру және көлік қаңқасын қалыптастыру мақсатында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2027 жылға дейін 1700 км-ден астам жаңа теміржол желілері салынады. Олар:
• Достық – Мойынты – 836 км (2022–2025)
• Алматы айналма жолы – 75 км (2024–2025)
• Дарбаза – Мақтаарал – 152 км (2024–2026)
• Бақты – Аягөз – 295 км (2025–2027)
• Қызылжар – Мойынты – 329 км (2025–2026)
Достық–Мойынты учаскесіндегі екінші жолдардың құрылысы және Алматы айналма жолы биыл аяқталады. Жаңа желілердің іске қосылуы транзит пен жүк экспортын арттыруға, өңірлердің дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Еуразияның көлік хабы ретінде Қазақстанның позициясын нығайтуға ықпал етеді,-делінген "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер