Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда 17 ЖОО жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол, Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 ЖОО жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни олар біздің тексеруімізде,- деді ғылым және жоғары білім министрі.
Саясат Нұрбектің айтуынша, ЖОО талапқа сай және сапалы жұмыс істеуін арнайы комиссия тексеріп, шешім шығарады.
Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Біз жеке университеттерге білім сапасы, оқу бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты көрсеткіштер беріп қойдық. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда, біз ол оқу орнын жазалаймыз, - деді С.Нұрбек.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды