Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек1987 жылы 26 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні деп жариялады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқа мемлекеттік органдармен қатар осы қатерлерге қарсы іс-қимылға белсенді қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың басынан бері ҰҚК есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 96 операция, оның ішінде 23-і шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен жүргізді.
Қорытындысы бойынша 24 халықаралық және 17 аймақтық есірткі жеткізу арналары, сондай-ақ 16 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.
Заңсыз айналымнан 1.3 тоннадан астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар, 4.6 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 13.6 тонна химиялық реагенттер алынды.
«Қара нарықта» алынған есірткінің құны шамамен 17 млрд теңгеге бағаланады, ал айналымға жіберілген көлем шамамен 5 млн бір реттік дозаны құрайды. ҰҚК деректері бойынша Қазақстанның 54 азаматы мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізілуде.
Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі халықаралық қатынас жолдарында есірткі құралдарын тасымалдаудың 200-ден астам әрекетінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 790 кг астам есірткі және психотроптық заттар алынды. Осы бағыттағы іс-шаралар жалғасуда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?