Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсХалықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері федерациясы (IFLA) Әлемдік кітапханалар және ақпарат конгресін (WLIC) өткізу орны ретінде Қазақстанның Астана қаласын таңдағанын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, конгресс 2025 жылы 18-22 тамыз аралығында өтеді. Іс-шараға 4 мыңға жуық адам қатысады.
Қазақстанда IFLA-ның дүниежүзілік Конгресін өткізу еліміздің кітапхана кадрларының кәсібилігін жетілдіруге және кітапхана мен ақпарат қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған.
Бұл IFLA-ның Орталық Азиядағы халықаралық кітапхана саласын дамытудағы рөлін күшейтетін алғашқы басты іс-шара болмақ. Конгреске қатысушылар еліміздің бай тарихымен және мәдени дәстүрлерімен де кеңірек таныса алады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін халықаралық шарада әлемнің түкпір-түкпірінен білікті кітапханашылар бас қосып, тәжірибе алмасып, жаңа ақпараттық технологиялар мен кітапханашылардың жетістіктерін талқылап, ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатады.
Айта кетейік, IFLA – әртүрлі елдердегі кітапхана ісінің озық тәжірибесін жинақтайтын, талдайтын және әртүрлі кітапхана түрлерімен (көпшілік, мектеп, университет, арнайы, әртүрлі шектеулері бар адамдарға арналған және т.б.) пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың халықаралық стандарттарын белгілейтін кітапхана мамандарының жаһандық қоғамдық ұйымы.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды