Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгінгі таңда елімізде негізгі дәнді дақылдар бойынша 9,1 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде 13,5 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, бидай 6,8 млн га алқапқа жиналды, өнімділігі 14,1 ц/га 9,7 млн тоннаға жуық. Арпа – 1,5 млн га, өнімділігі 16,5 ц/га 2,5 млн тонна. Сұлы – 133,1 мың га, өнімділігі 15,6 ц/га 207 мың тонна.
Биыл майлы дақылдар орташа өнімділігі 11,0 ц/га 136 мың га алқаптан жиналды, 150,3 мың тонна бастырылды.
57,1 мың гектар алқаптан 257,5 ц/га өнімділік кезінде 1,5 млн тоннаға жуық картоп жиналды. Ал көкөніс дақылдары 87,7 мың гектардан жиналды, 243,3 ц/га өнімділік кезінде 2,1 млн тоннадан астам .
Бақша дақылдары 93,5 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 258,8 ц/га, жалпы алым 2,4 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың басқа да техника жұмылдырылған.
Еске салсақ, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?