Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӨңірлерде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Астық және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды егіс алқабы 16 млн гектардан асады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінге дейін 7,8 млн гектар немесе жалпы көлемнің 48,3%-ы жиналды. Нәтижесінде 11,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 293 мың тонна майлы дақыл, гектарына 234 центнер өнімділікпен 1,2 млн тонна картоп және гектарына 288,8 центнер өнімділікпен 2,4 млн тоннадан астам көкөніс жинады.
Атап айтқанда, гектарына 357,4 центнер өнімділікпен 385 мың тоннадан астам қырыққабат, гектарына 422,7 центнер өнімділікпен 637 мың тонна пияз және гектарына 294,4 центнер өнімділікпен 187,2 мың тонна сәбіз жиналды.
Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізілуде.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер