22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлдің барлық өңірлерінде көктемгі егіс науқаны белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, алдын ала агротехникалық іс-шаралар атқарылды: 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 8,2 млн гектарда себуге дейінгі өңдеу, 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні 10 217,1 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары егілді. Атап айтқанда: Ақмола облысында – 2 328,6 мың га, Алматы облысында – 265,6 мың га, Ақтөбе облысында – 319,2 мың га, ШҚО – 414,9 мың га, Жамбыл облысында – 327,7 мың га, БҚО – 297,5 мың га, Қарағанды облысында – 678 мың га, Қостанай облысында – 1 325,4 мың га, Павлодар облысында – 828,7 мың га, СҚО – 1 822,5 мың га, Түркістан облысында – 516,6 мың га, Жетісу облысында – 366,2 мың га, Абай облысында – 589,8 мың га және басқа да өңірлерде егіс жұмыстары жалғасуда, - делінген мәліметте.
Ведомство дерегінше, дәнді дақылдар – 6,7 млн га, малазықтық дақылдар – 621,2 мың га, көкөніс дақылдары – 110,4 мың га, картоп – 90,5 мың га, бақша дақылдары – 82,2 мың га, майлы дақылдар – 2 173,9 мың га, мақта – 141,2 мың га, қант қызылшасы – 17,7 мың га, күріш – 74,4 мың га жерге егілді.
Оқи отырыңыз:
Диқандар 1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыш жеткізуге келісімшарттар жасасты, оның 932,6 мың тоннасы жөнелтілді.
Биылға тұқымға қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайды, оның 100%-ы дайындалды.
Бөлінген 401 мың тонна дизель отынының 263,9 мың тоннасы жөнелтілді.
Егіс науқаны жоспарлы түрде жалғасуда.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев