7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстанда жас мамандарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 1 пайыздық жеңілдетілген ипотекалық несиеге өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бағдарлама кімдерге арналған:
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіп, мәдениет және спорт салаларының мамандары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер (әкімдер мен орынбасарларынан басқа) қатыса алады.
Қатысу тәртібі:
Өтінімдер онлайн түрде Baspana Market платформасы арқылы қабылданады. Ол үшін жеке кабинетке кіріп, өтінімді толтыру және нәтижесін күту жеткілікті.
Бағдарлама шарттары:
Біржолғы төлем – 100 АЕК (2025 жылы бұл 393 200 теңге);
Тұрғын үй сатып алу немесе салуға арналған жылдық 1% мөлшерлемемен несие;
Несие сомасы – өңір мен елді мекенге байланысты 2 500 АЕК-ке дейін (шамамен 9,83 млн теңге);
Несие мерзімі – 15 жылға дейін.
Қатысу талаптары:
Техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы;
Несие алған маман өз өңіріндегі ауылдық елді мекенде орналасқан ұйымға мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті;
Бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.
Бағдарлама ауылдық жерлерге мамандарды тартуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?