6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2024 жылдың 10 ай қорытындысы бойынша елімізде магистральдық құбырлар жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен 57,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай мәліметті Энергетика министрлігі ұсынды. Тасымалданатын мұнайдың 26%-дан астамы немесе 15,1 млн тоннасы отандық отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілген.
Каспий құбыр консорциумының құбыры арқылы шамамен 46,3 млн тонна мұнай тасымалданған. Ал «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі шамамен 7,2 млн тоннаны құрады.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнай жіберілді.
10 айдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан 3,1 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды, оның ішінде Махачкала портының бағыты бойынша - 1,6 млн тонна, «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры бағытында 1,2 млн тонна жөнелтілді.
«Атасу – Алашанькоу» мұнай құбырының бағыты бойынша 1 млн тоннадан астам мұнай тасымалдау жүзеге асырылды. Сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы мұнай транзиті 8,4 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Ресей Федерациясы – Қытай Халық Республикасы бағыты бойынша 8,2 млн тонна, Ресей Федерациясы-Өзбекстан Республикасы 217 тонна мұнай.
Айта кетейік, қазақстандық мұнай Италия, Нидерланды, Қытай, Корея Республикасы, Румыния, Франция, Греция, Түркия, Сингапур, Германия және т.б. елдерге экспортталады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі